«Қадір» – араб тілінен аударғанда «қадірлі», «қасиетті», «өлшеммен бекітілген» деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғи тұрғыда бұл түн – бір жылда болатын істердің тағдыры белгіленіп, Алла Тағаланың үкімі жазылатын ерекше қасиетті мезет ретінде түсіндіріледі. Осы орайда Қордай ауданына қарасты Әлжан ана ауылындағы мешітте жамағат Қадір түнін бірге өткізіп, құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізді.
Шара барысында мешітке демеушілік көрсеткен азаматтарға, тарауих намазынан қалмай қатысқан қарияға және мешіт жанашыры болған жамағатқа алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, балаларға тәттілер үлестіріліп, тарауих намазына тұрақты қатысқан бір балаға арнайы сыйлық берілді. Іс-шараны мешіт имамы Аманбаев Саламат Сәлімұлы ұйымдастырды. Қасиетті түнде жасалған дұға-тілектер мен амалдар қабыл болсын! Ниеттер қабыл, мұраттар асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

