Қадір түні – берекелі Рамазан айында келетін қасиетті түн. Рамазанның соңғы он түні мұсылман қауымы үшін ерекше маңызды. Себебі дәл осы түнде қасиетті Құран Кәрім түсе бастады.
Ислам дінінде бұл түннің орны айрықша. Құран Кәрімде арнайы Қадір сүресі түсуі де оның қадір-қасиетінің жоғары екендігін айғақтайды. Осы орайда Қордай ауданының орталығында Қадір түніне арналған рухани-танымдық викториналық ойын ұйымдастырылды. Шара барысында жамағатқа діни сауаттылықты арттыру мақсатында түрлі сұрақтар қойылып, пайдалы мәліметтер берілді.
Белсене қатысқан жамағатқа сыйлықтар табысталып, алғыс білдірілді. Қасиетті түнде жасалған дұға-тілектер мен ізгі амалдар қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды разы болған құлдарының қатарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

