Бұл шарада мешіт жамағаты мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қаржылай және азық-түлік пен қажетті заттардан құралған қоржындар үлестіріледі. Имамдар әр қоржынды табыстағанда отбасының жай-күйін сұрап, батасын беріп, жылы сөздерін айтты.
Осы орайда Ақжол ауылдық мешітінің имамы Тайтелиев Нұрмұхаммед 6 отбасыға. Тәтті ауылдық мешітінің имамы Асхатұлы Наурызбай 6 отбасыға
“Сиқымбай ата” ата мешітінің имамы Бейсенов Руслан 3 отбасыға “Рамазан қоржындарын” табыстады.
“Рамазан қоржындары” – тек материалдық көмек емес, сонымен қатар қоғамдағы ізгілік пен жанашырлықты дәріптейтін маңызды бастама. Осындай шаралар адамдардың жүрегін жылытып, мейірімділік пен сыйластықты насихаттайды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

