Қордай: Аудан ұстаздары референдумға қатысты

Қордай: Аудан ұстаздары референдумға қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан үшін тарихи маңызы зор күн – еліміздің барлық өңірлерінде Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Референдум – азаматтардың өз пікірін білдіруінің әлемдік тәжірибеде кеңінен мойындалған тиімді тетіктерінің бірі. Бүгінгі дауыс беру үдерісі де қабылданатын шешімдердің заңдылығын нығайта түсетіні сөзсіз.

Осы орайда Қордай ауданының ұстаздары да ел болашағына бейжай қарамай, уақыт тауып, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: