Қордай: Рамазан — адал қоғам қалыптастыру айы

Қордай: Рамазан — адал қоғам қалыптастыру айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Бұл айдың ерекшелігі – мұсылман қауымның бір ай бойы ораза ұстап, рухани тазаруға ұмтылуында. Рамазан–мейірімділік пен қайырымдылықтың, сабыр мен кешірімнің, тақуалықтың және нәпсіні тәрбиелеудің, өз-өзіне есеп берудің айы. Сонымен қатар, Рамазан–Құран айы. Бұл айда мүміндер қасиетті Құранға көбірек ден қойып, ғибадаттарын арттырады.

Рамазан – айлардың сұлтаны, күнәлар кешірілетін, мың айдан да қайырлы Қадір түні бар берекелі кезең. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Кенен ауылындағы «Кенен» мешітінде рухани басқосу өтті. Кеш Құран аяттарымен басталып, тағылымды уағыз-насихатпен және танымдық ойындармен жалғасын тапты.

Жиын барысында ардақты әжелерге сөз беріліп, ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Осындай игі шаралар жамағаттың бірлігін арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосуда. Алланы еске алатын орындар мен ізгі жандар көп болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: