Айша бинт Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Құранды жатқа біліп, көркем оқушы періштелермен бірге болады. Ал оны қинала оқып, жаттауға тырысқан адамға екі еселенген сауап беріледі», – деген.
Алланың Кәләміне және оны жаттаушыларға құрмет көрсету – барша мұсылман қауымының міндеті. Қордай ауданына қарасты аудандық «Қордай» мешітінде қасиетті ай бойы Тарауих намазында Құран Кәрімді толық хатым еткен қари-хафиздерге құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды. Бұл – Құран қызметшілеріне деген ізеттің айқын көрінісі. Алла Тағала олардың еңбектерін қабыл етіп, сауаптарын еселесін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

