Ата мен әженің тәрбиесі – ізгіліктің жарығындай бала жүрегін нұрландыратын асыл құндылық. Көпті көрген көнекөз қариялардың өмірлік тәжірибесі мол, тағылымы терең. Бар жылуын немере-шөбересіне арнап, ақыл-парасатын аямайтын ата мен әже – кемел келешекке жол көрсететін кемеңгер жандар.
Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Қаракемер 2» мешітінде әйел-қыздар ұстазы Әдеміай Бахиқызының ұйымдастыруымен әжелер алқасы ашылды. Бұл игі бастама – ұрпақ тәрбиесінде үлкен маңызға ие. Өнегелі әжелеріміз жастарға бағыт-бағдар беріп, жүректеріне мейірім мен махаббат ұялатсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

