Жүрегі жомарт, өзгелерге әрдайым жәрдемдесетін адам шексіз сауаптарға кенеледі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 274-аятында: «Мал-дүниелерін түнде де, күндіз де, жасырын және жария түрде Алла жолында жұмсайтындардың сыйы – Раббысының қасында (дайын).
Оларға қорқу мен қайғы болмайды», – деп айтқан. Қордай ауданы, Қордай ауылы «Қордай ауылдық» мешітінде, имамы Жалил Шалбаевтың ұйымдастыруымен 15отбасыға азық-түлік таратылды. Рамазан айында жасаған ізгіліктеріміз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

