Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде Нұрәлі Бақытұлы Рамазан айының рухани маңызы тақырыбында сұхбат берді. Сұхбатты мешіттің наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы жүргізді.
Сұхбат барысында ораза ұстаудың рухани әрі денсаулыққа тигізер пайдасы кеңінен сөз болды. Рухани тұрғыдан алғанда, ораза адам баласын сабырлыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Өйткені мұсылман пенде күні бойы Алла Тағалаға иман етіп, аштық пен шөлді сабырмен өткізеді.
Қандай да бір келеңсіз жағдайға тап болғанда, «Мен оразамын» деп өзін сабырға шақырады. Сондай-ақ Рамазан айында қоғамда қылмыс деңгейінің төмендеуі де–оразаның тәрбиелік мәнінің айқын көрінісі. Себебі мұсылмандар бұл айда бір-бірін жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыюға тырысады. Нәпсіні тізгіндеп, мейірімділік пен кешірімділікке бет бұрады. Кездесу барысында жамағат көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, пайдалы мәліметтерге қанықты. Баршамызға пайдалы білім мен қабыл болатын амалдар нәсіп болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

