Меркі: 300 адамға ауызашар дастарханы жайылды

Меркі: 300 адамға ауызашар дастарханы жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Меркі ата” мешітінің асханасында қасиетті Рамазан айы аясында ерекше берекелі кеш өтті. Бұл жолы 300 адамға арналған ауызашар дастарханы жайылып, ауыл тұрғындары мен жамағат бір дастархан басында бас қосты.

Рухани кеш жылылық пен шынайылыққа толы болды — үлкендер ақ батасын беріп, жастар қызмет көрсетіп, нағыз қазақы тәрбие көрініс тапты.

Дастархан басында мешіттің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы жамағатқа “Үлкенге құрмет, кішіге ізет” тақырыбында әсерлі насихат айтты. Ол күнделікті өмірде жиі ұмыт қалып жататын қарапайым, бірақ маңызды құндылықтарды тілге тиек етіп, үлкенді сыйлау – ұлттың ұстыны, ал кішіні құрметтеу – болашаққа деген жауапкершілік екенін атап өтті.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: