Меркі: Кимешек - Қазақтың ұлттық киімі

Меркі: Кимешек - Қазақтың ұлттық киімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеу – әрбір ұрпақтың міндеті. Осы бағытта Қызылқыстақ ауылы тұрғындары ерекше игі шара өткізді.

“Әл-Карим” мешіті асханасында ұйымдастырылған ауызашар дастарханы ұлттық рухты жаңғыртумен ерекшеленді.

Ауызашар барысында ақ жаулықты әжелеріміз қазақтың көнеден келе жатқан асыл мұрасы – кимешек киіп, көпшілікке үлгі көрсетті.

Кимешек – тек киім ғана емес, ол ананың парасаты мен инабатының, ұлттың болмысының белгісі. Әжелердің бұл бастамасы жастарға ұлттық киімнің маңызын ұғындырып, дәстүрге деген құрметті арттыра түсті.

Жиналған қауым әжелердің өнегелі ісіне ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылуы керектігін атап өтті. Ұлттық киімді насихаттау – өткенді ұмытпай, болашаққа бағдар жасау екені сөзсіз.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: