Жамағат арасында бірлік пен бауырмалдықты нығайту мақсатында “Жүніс молда” мешітінің жамағаты арасында арқан тарту сайысы ұйымдастырылды.
Қатысушылар өзара бірнеше топқа бөлініп, ұйымшылдық пен күш сынасты.
Жарыс өте қызықты өтіп, жамағат бір-біріне қолдау білдіріп, ерекше рух байқалды
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталып, арнайы қаржылай сыйақы табысталды.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



19 Маусым 2026
3 Мухаррам 1448

