Қасиетті Рамазан айы аясында дәстүрімізді дәріптеген ауызашар дастархандары жайылды.
Ауызашар барысында жамағат арасында дін мен дәстүрге қатысты сұрақтар қойылып, тағылымды әңгімелер өрбіді. Бұл кездесулер көпшілікке ой салып, рухани тұрғыдан байытты.
Ерекше айта кетерлігі, бір мешіт қазақы болмысты таныту мақсатында киіз үй тігіп, ұлттық тұрмысты насихаттаса, екінші мешітте ақ жаулықты аналарымыз кимешек киіп, ұлттық киімімізді ұлықтады.
Дін мен дәстүр үндескен осындай игі шаралар көбейе берсін!



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

