100 БАЛАҒА АЙТТЫҚ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

100 БАЛАҒА АЙТТЫҚ ТӘТТІЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айт – мейірім мен қуаныштың, береке мен бірліктің мерекесі. Осындай ұлық күнде игі амалдар жасалып, жүректерге жылулық сыйланады.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Айттағы қуаныш» атты балаларға арналған рухани шара өтті.

Шара барысында жүз балаға айттық тәттілер қоржыны таратылып, бүлдіршіндерге ерекше мерекелік көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, балаларға ислам дінінің бес тірегі – иман, намаз, ораза, зекет және қажылық туралы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара барысында облыстың бас имамы арнайы қатысып, балаларды Айт мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл күннің мән-маңызына тоқталып, мейірімділік пен бауырмалдықтың, ізгі амалдардың маңызын атап өтті.

Бағдарламаның ерекшелігі – бес парыздың әрқайсысы жеке кейіпкер ретінде сахнаға шығып, балалармен қызықты сұрақ-жауап форматында тілдесті. Дұрыс жауап берген бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталып, білім мен тәрбиені ұштастырған әсерлі сәттер орын алды.

Сондай-ақ, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Жазира Имамналиева сөз сөйлеп, ұйымдастырылған шараның тәрбиелік мәніне тоқталды. Ол балаларға рухани құндылықтарды сіңіру – болашақтың берік іргетасы екенін жеткізді.

Іс-шара соңында балаларға ерекше қуаныш сыйлау мақсатында аспаннан бес жүз шар шашылып, мерекенің көркін аша түсті.

Айттың шаттығы балалардың күлкісінен көрініс тауып, жүректерге ұмытылмас қуаныш сыйлады.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: