#Шу: «Төле би» мешітінде «Айттық дастарханға» арналған қайырымдылық шарасы өтті

#Шу: «Төле би» мешітінде «Айттық дастарханға» арналған қайырымдылық шарасы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітінде қасиетті мерекеге орай «Айттық дастархан» қайырымдылық науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Игі шара аясында тұрмысы төмен және көмекке мұқтаж 16 отбасыға арнайы азық-түлік себеттері үлестірілді. Жалпы қайырымдылыққа жұмсалған қаражат көлемі 300 000 теңгені құрады.

Бұл бастама – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыруға бағытталған игі істердің бірі болды. Азық-түлік алған отбасылар қуаныштарын жасыра алмай, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы өз сөзінде қайырымдылықтың маңыздылығына тоқталып, мұндай игі амалдар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: