#Шу: «Төле би» мешітінің әйел-қыздар секторында тағылымды семинар өтті

#Шу: «Төле би» мешітінің әйел-қыздар секторында тағылымды семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешіті әйел-қыздар секторында Қордай өңірінен келген ұстаздардың қатысуымен тағылымды семинар ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Адамдардың ақысы» тақырыбы кеңінен қозғалып, ислам дініндегі өзара жауапкершілік, әділдік және аманатқа адал болу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Ұстаздар адам ақысының маңыздылығын атап өтіп, Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтірді. Атап айтқанда, Құран Кәрімде: «Ақиқатында, Алла сендерге аманаттарды өз иелеріне тапсыруды бұйырады» («Ниса» сүресі, 58-аят) делінген.

Сондай-ақ, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Кімде-кім біреуге зұлымдық жасаған болса, динар мен дирхам болмай тұрып, бүгін-ақ одан кешірім сұрасын» деген хадисі арқылы адам ақысының ауыр жауапкершілігін ескерткен.

Шара соңында арнайы келген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды. Семинар жамағатқа үлкен рухани әсер сыйлап, адамгершілік құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: