Меркі: Қадір түніндегі Құран жарыстары – рухани кештің көркі

Меркі: Қадір түніндегі Құран жарыстары – рухани кештің көркі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадір түні – мың айдан да қайырлы, жүректер жұмсарып, дұғалар қабыл болатын ерекше түн. Бұл түннің қадірін арттыратын негізгі амалдардың бірі – Құран оқып, оны терең түсінуге ұмтылу.

Осыған орай, Меркі ауданына қарасты бірқатар мешіттерде ұйымдастырылған Құран жарыстары Қадір түнінің мәнін одан әрі тереңдете түсті.

Қатысушылар аяттарды көркем әрі дұрыс оқудан бақ сынап, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Құран жарыстары әсіресе жастар үшін үлкен мүмкіндік. Олар елдің алдына шығып, өз білімін көрсетіп қана қоймай, сенімін нығайтып, жауапкершілікті сезінеді. Қадір түніндегі осындай игі шаралар қоғамның рухани дамуына оң ықпал етеді.

Жалпы алғанда, Құран жарыстары – Қадір түнінің шырайын келтіретін, имандылықты арттыратын маңызды бастамалардың бірі. Осындай рухани кештер көбейіп, Құранға деген сүйіспеншілік әр жүректе орныға берсе, бұл – үлкен нығмет.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: