Қадір түні аясында Меркі ауданы мешіттерінде дін мен дәстүрге қатысты викториналық сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаты діни білім мен ұлттық құндылықтар бойынша бақ сынап, өзара белсенділік танытты. Имамдар тарапынан қойылған сұрақтарда жылдам әрі дұрыс жауап берген жандарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

