Шу ауданында аудан әкімі мен дін мамандарының қатысуымен аудандық имамдар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуал, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
Шара соңында аудан әкімі дін қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, олардың еңбегіне алғыс білдірді. Сондай-ақ, бірқатар имамдар «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» марапатымен, «Құрмет грамотасымен» және алғыс хаттармен құрмет көрсетілді.
Бұл басқосу дін қызметкерлерінің еңбегін бағалап, олардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды кездесу болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



20 Наурыз 2026
1 Шавваль 1447

