Жамбыл облысы «Халал Даму» бөлімінің маманы Аймекен Амангелдіқызы Байзақ ауданында «Адал ас – шариғат талабы» тақырыбында нәзік жандыларға семинар өткізді.
Семинар барысында адал тағамның маңыздылығы, шариғат талаптарына сай өнімдерді таңдау, халал стандарттарының негізгі қағидалары түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Адал ас – тек тамақ емес, ол әр мұсылманның өмір салты мен жауапкершілігі.



20 Наурыз 2026
1 Шавваль 1447

