Меркі: Тарауықта Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді

Меркі: Тарауықта Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында Тарауих намазы ерекше рухани мәнге ие. Бұл айда мешіттерде Құран Кәрімді толық хатым ету игі дәстүрге айналған.

Осы орайда, Меркі ауданы мешіттерінде тарауих намазы барысында Құранды толық хатым еткен қариларға арнайы құрмет көрсетілді.

Жамағат алдында олардың еңбегі атап өтіліп, алғыс білдірілді. Сонымен қатар, қариларға шапан жабылып, сый-сияпаттар табысталып, олардың Құранға деген қызметі жоғары бағаланды.

Мұндай құрмет – қасиетті Құран Кәрімге қызмет етудің маңызын арттырып, өзгелерге үлгі болары сөзсіз.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: