БАЙЗАҚ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

БАЙЗАҚ: НӘЗІК ЖАНДЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) өмірі бойынша нәзік жандылар арасында «Адамзаттың асыл тәжі» атты білім сайысы өтті.

Ұстазбен бірге Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай) өмірбаянын оқып тәмамдаған нәзік жандылар арасында өткен бұл сайыс шәкірттерге жаңа серпін берді. Сайыс тест күйінде ұйымдастырылды.

«Байзақ баба» мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Жанат Әмірханқызы және «Халал Даму» бөлімінің маманы Аймекен Амангелдіқызы сайысқа қазылық етіп, жеңімпаздарды анықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Сайыс қортындысы бойынша төмендегідей нәтиже орын алды:

І орын – Калманбетова Гүлдана (20 000 тг.)

ІІ орын – Калманбетова Гүлдана (15 000 тг.)

ІІІ орын – Кужанова Тургангул (10 000 тг.).

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: