Меркі: “Дін мен дәстүр” насихатталды

Меркі: “Дін мен дәстүр” насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы “Жақсымбет” мешітіне жиналған жамағатқа ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Дін мен дәстүр» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында бас имам дін мен дәстүрдің бір-біріне қарсы емес, керісінше бірін-бірі толықтыратын құндылықтар екенін атап өтті. Қазақ халқы ежелден ислам дінін берік ұстанып, ұлттық салт-дәстүрін шариғат талаптарына сай қалыптастырғаны айтылды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қонақжайлық, ата-ананы қадірлеу секілді көптеген дәстүрлердің барлығы исламның көркем мінез қағидаларымен үндесетіні түсіндірілді.

Сондай-ақ, бас имам жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, дінді дұрыс түсінуге шақырды. Қазіргі таңда кейбір адамдардың дін мен дәстүрді бір-біріне қарсы қоюы дұрыс емес екені, мұндай түсініктің қоғамға кері әсер ететіні де айтылды. Сондықтан әрбір мұсылман ата-бабадан келе жатқан ізгі дәстүрлерді сақтай отырып, дінді дұрыс үйренуі қажет екені насихатталды.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: