Меркі: “Құран әліппесі” дәрістері өз жалғасын табуда

Меркі: “Құран әліппесі” дәрістері өз жалғасын табуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қарасу ауылдық мешітінде жамағаттың діни сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Құран әліппесі» дәрістері өз жалғасын табуда.

Аталған сабақтарға мешітке келуші жамағат пен жастар тұрақты түрде қатысып, қасиетті Құран Кәрімді дұрыс оқуды үйреніп келеді.

Дәріс барысында мешіт имамы Абдуманап Дулат шәкірттерге араб әліпбиінің әріптері, олардың дұрыс айтылуы мен жазылуы, сондай-ақ Құранды тәжуид қағидаларына сай оқу жолдарын түсіндіруде.

Сонымен қатар сабақ барысында Құран үйренудің сауабы мен маңызы да насихатталып, шәкірттер қасиетті Құран Кәрімді оқып-үйренуге ынталандырылуда.

Мешітте ұйымдастырылып отырған «Құран әліппесі» дәрістері алдағы уақытта да жалғасын тауып, жамағаттың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: