Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы “Әл-Карим” мешітінің асханасында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Алғыс айту» күніне орай ауыл тұрғындары ауызашар дастарханын жайды.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендерге жақсылық жасағанға жақсылығына сай оған да жақсылық жасаңдар. Оның жасаған жақсылығына тең келетін нәрсе таба алмасаңдар, теңестіргенге дейін оған дұға етіңдер» – деп сахабалары мен үмметін сыйға сый жасауға шақыраған (Әбу Дәуіт).
Ақ дастарханға жиналған көпшілік ауыл тұрғындарының атынан белсенді ауыл азаматтарына және ауылдық округ әкімі Нұрбол Сұлтаналиевты алғыс хатпен марапаттап әкімнің иығына шапан жауып, Құран аяты жазылған сурет (картина) сыйлады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

