Қасиетті Рамазан айында “Әл-Карим” мешітінің асханасында ұйымдастырылған ауызашар дастарханы барысында ұлттық дәстүріміздің бірі – жарапазан айтылды.
Шараға жиналған жамағат ауызашар дастарханында жарапазан тыңдап, рухани кештің ерекше әсерін сезінді.
Жарапазан айтқан жандарға жиналған көпшілік шапан жауып сыйлық-кәдесін берді.
Жарапазан айту – халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр арқылы Рамазан айының қасиеті дәріптеліп, ауызашар берген үй иелеріне ақжарма тілектер мен баталар айтылады.
Аталған шара барысында да жарапазан айтылып, жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мұндай тағылымды дәстүрлер халықтың рухани бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосады.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

