Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы “Меркі ата” мешітінде қасиетті Рамазан айының қарсаңында “Бас имам сағатын” өткізді.
Игі бас қосу барысында аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы “Отбасы құндылығы” турасында сөз қозғады.
Дәуіт Сейітқалиұлы отбасының қоғамдағы маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, ер мен әйелдің бір-біріне деген жауапкершілігі туралы кеңінен сөз қозғалды.
Сонымен қатар бас имам отбасы – қоғамның негізі екенін атап өтіп, әрбір мұсылман отбасының татулық пен мейірімге құрылуы керектігін айтты. Сонымен қатар, ата-ананы құрметтеу, бала тәрбиесіне көңіл бөлу, отбасында өзара түсіністік пен сабырлылықты сақтау – берекелі өмірдің басты кепілі екені жеткізілді.
Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі



21 Наурыз 2026
2 Шавваль 1447

