Меркі: Ақжаулықты әжелер мен аналарға құрмет көрсетілді

Меркі: Ақжаулықты әжелер мен аналарға құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы “Әл - Карим” мешітінің асханасында ұйымдастырылған ауызашар дастарханында мешіт имамы Алпысбаев Есболдың және ауыл тұрғындарының бастамасымен ауылдағы әжелер мен аналарға құрмет көрсетіліп, ақ орамал жабылды.

Қазақта “Орамал тоң болмайды, жол болады” - деген сөз бар. Бұл орамалды сыйлаудағы мақсат үлкенге құрмет көрсету, арадағы сыйластық пен ауызбіршілікті арттыру.

Ақ жаулықты аналарымыз осы іс-жиынды ұйымдастырған жандарға ризашылығын білдіріп, рақметтерін айтып дән риза болып, ақ баталарын берді.

Ардақты Пайғамбарымызға ( Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) бір адам келіп: «Уа, Алланың Елшісі, кімге жақсылық жасайын?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Анаңа», – деп жауап береді. Әлгі адам екінші рет: «Одан кейін кімге жасайын?», – дегенде, – «Анаңа» деген жауап алады. Әлгі адам тағы: «Одан кейін кімге жақсылық жасайын?», – дегенде Пайғамбарымыз үшінші ретте де «Анаңа», – деп жауап береді. Тек төртінші рет тағы да «Одан кейін кімге?», – деп қайталағанда, Пайғамбарымыз: «Әкеңе», – дейді.

Бұл хадис Исламда ананың мәртебесі үш есеге жоғары екенін көркем түрде жеткізген.
Ана болу – әйел адамның бақыты. Ананың жауапкершілігі де қиындығы да көп. Сондықтан, Алла Тағала анаға сондай мол сауап береді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: