Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен тұрмысы төмен отбасыларға Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық қоржындары таратылды.
Қоржындарға күнделікті тұтынуға ең қажетті азық-түліктер салынды. Қайырымдылық қоржындары көліктерге тиеліп, мұқтаж отбасылардың үйіне дейін жеткізіліп берілді. Қасиетті айдағы ізгі амалдарымызды Алла қабыл етіп, сауабын еселеп берсін,- деп аудан имамы дұға қылды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



05 Қараша 2026
24 Джумада-авваль 1448

