#Мойынқұм: Қадір түнінде жамағатқа тегін такси қызметі ұйымдастырылды

#Мойынқұм: Қадір түнінде жамағатқа тегін такси қызметі ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Қадір түні қарсаңында «Мойынқұм» мешіті және «Досекеұлы Абсат» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында тегін такси қызметі ұйымдастырылды.

Бұл игі бастама тарауық намазына келген жамағаттың мешітке қатынап, құлшылықтарын алаңсыз атқаруына мүмкіндік жасау үшін қолға алынды. Аталған қызмет арқылы тұрғындар мешітке жеткізіліп, намаздан кейін үйлеріне қайтуына жағдай жасалуда.

Мешіт ұжымы бұл шараның негізгі мақсаты – қасиетті түнде жамағаттың құлшылығына қолайлы жағдай жасап, елге қызмет ету екенін атап өтті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: