Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде «Жастар және Рамазан» бастамасы аясында жастарға арналған ауызашар кеші ұйымдастырылды. Шара барысында жиналған жастарға арнайы дастархан жайылып, рухани кеш өткізілді.
Кеш барысында Рамазан айының қадір-қасиеті мен тәрбиелік мәні жайында уағыз-насихат айтылып, жастарды имандылыққа, ізгілікке және бірлікке шақырды. Ауызашар кеші жастардың басын қосып, рухани тәлім алып, жылы атмосферада өткізілген тағылымды кездесу ретінде өтті.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

