Қасиетті Қадір түніне орай Мыңарал ауылындағы «Шалғынбайұлы Бейсенбай» мешітінде рухани кеш ұйымдастырылды. Шараны мешіт имамы Нұрдос Нұрғазыұлы жүргізді.
Кеш барысында жамағат арасында интеллектуалды викториналық ойындар өткізіліп, белсенді қатысқан қатысушыларға жүлделі сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар мешіт жұмысына тұрақты қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген азаматтарға алғыс білдіріліп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Тағылымды кеш жамағаттың бірлігін арттырып, қасиетті түннің рухани атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Шара соңында ел тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасалды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



19 Наурыз 2026
30 Рамадан 1447

