«Жексенбай ата» мешітінде «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараны мешіт имамы Ұзақбай Бадықов жүргізді.
Кездесу барысында Ислам дінінің бейбітшілікке, татулық пен бірлікке үндейтін құндылықтары кеңінен айтылып, қоғамдағы рухани тәрбие мен имандылық мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, маңызды ойларымен бөлісті.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



17 Маусым 2026
1 Мухаррам 1448

