#Шу: Қадір түніне орай викториналық ойындар ұйымдастырылды

#Шу: Қадір түніне орай викториналық ойындар ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Қадір түніне орай Шу ауданындағы мешіттерде жамағатқа арналған рухани-танымдық шаралар өткізілді. Кеш барысында жамағат арасында викториналық сұрақтар қойылып, ислам діні, Рамазан айы және Қадір түнінің маңызына қатысты сұрақтар арқылы танымдық ойындар ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни білімін арттыру, қасиетті түннің қадір-қасиетін түсіндіру және мешітке келген жамағаттың рухани кешін әсерлі өткізу болды. Викторина барысында белсенділік танытып, дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Мұндай игі шаралар жамағаттың бірлігін нығайтып, мешітке келген көпшілікке ерекше рухани көңіл-күй сыйлады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: