Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі, Жанат Әмірханқызының бастамасымен Құранға түскен шәкірттер арасында Рамазан айының екінші аптасында түсірген Құран хатымдарының дұғасы ата-баба рухына бағышталды.
Аталмыш шарада Жанат Әмірханқызы Құран оқушы шәкірттерге «Құранды хатым ету – жүрекке ем» тақырыбында насихат айтып: «Құран біздің ақыреттегі шапағатшымыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құран оқындар. Себебі, Құран өзін оқушыларға қиямет күні шапағатшы болады», - деді. Құранды дұрыс оқудың өзі сауапты іс», - деп тәлімі мол насихатын айтты.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

