Байзақ: МЫРЗАТАЙДА КӨШЕ ТАЗАЛАУШЫЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Байзақ: МЫРЗАТАЙДА КӨШЕ ТАЗАЛАУШЫЛАРҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан айы кезінде Байзақ ауданы Мырзатай ауылы «Естай баба» мешітінде көше тазалаушыларға ауызашар беру дәстүрге айналған. Биыл да игі бастама жалғасын тауып таңнан кешке дейін ауыл ішін таза ұстап жүрген абзал жандарға мол дастархан жайылды. Ауыл имамы Мұхтар Мэльсұлы жұмыс күнін сәтті аяқтаған қызметкерлермен бірге ауыз ашып, ел мен жердің тыныштығын тілеп, дұға жасап, «Дін мен дәстүр және адалдық» тақырыптарында насихат айтты.

         Мұхтар Мэльсұлы насихатында: «Дін мен дәстүр — рухани тәрбиенің негізі, олар адамды имандылыққа, мейірімге және адалдыққа баулиды.  Бұл құндылықтар үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету және аманатқа адал болу сияқты адамгершілік қасиеттерді біріктіреді. Ислам мен ұлттық дәстүр егіз ұғым ретінде қоғамдағы ізгілік пен теңгерімді сақтайды», - деді.

Ауызашарға жиналған еңбек адамдары ауыл имамына алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: