Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облысы өкілдігіне қарасты Байзақ ауданы Тегістік ауылы «Тегістік» мешітінде бүлдіршіндерге қасиетті айдың жылы лебін сезіндіру мақсатында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Рамазан тәттісі» таратылды.
Құлшылық үйінің имамы Ахмет Жетпісбайұлы ең алдымен балаларға Рамазанның қадір-қасиеті мен маңыздылығын баяндап, мұсылманша және ұлттық мерекелер туралы мәлімет бере кетті. Жыл бойы мешіттен дәріс оқып жүрген кішкентай шәкірттердің көкейіне қуаныш сыйлай отырып, тәттілер үлестірілді.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамасы аясында Жамбыл облысы өкілдігіне қарасты Байзақ ауданының бірқатар мешіттерінде бүлдіршіндерге «Рамазан тәттісі» таратылатын болады.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

