БАЙЗАҚ: ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ

БАЙЗАҚ: ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ АУЫЗАШАРҒА ҚАТЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық «Байзақ баба» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар дастарханына ауданға қарасты мекеме басшылары мен ауданның құрметті азаматтары, ақсақалдар мен апалар, мәдениет пен өнер адамдары, журналистер, зиялы қауым өкілдері, мешіттің белсенді жамағаттары, ораза тұтқан жастар қатарлы жалпы қоғамдық барлық сала өкілдерін қамтыған 180-ге жуық адам арнайы шақырумен қатыстырылды.

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, мүфти хазреттің Рамазан айында ел халқына жолдаған үндеулерінің негізгі мазмұнын таныстырды. Ауызашар барысында дастарханда бас қосқан өңіріміздің игі жақсыларын бас имам Рамазан айымен құттықтады.  

Бас имам ата-бабалар рухына бағыштап Құран оқып, дұға жасаса, ақсақалдардың жақсылық тілеген мағыналы да көркем баталарымен ауызашар дастарханы баи түсті. Алла тағала ұстаған оразамызды, жасаған жақсылықтарымызды қайырымен қабыл еткей! Тәуелсіздігіміздің тұғыры мен еліміздің еңсесі биік болсын! Жаратушы Иеміз халқымызға берекетін жаудырғай!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: