Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық «Ар Рахман» мешітінде Досмұхаммет Гулымхазрат имамның ұйымдастыруымен алғаш ораза тұтқан жандарға арналған «Менің алғашқы оразам» атты рухани шара болып өтті.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлының тапсырмасымен өткен шараға мешіт жамағаты мен жастары қатысып, «Оразаға ағзаны дұрыс дайындау», «Дұрыс тамақтану» секілді тақырыптар аясында дәріс тыңдады. Сондай-ақ,оразаға қатысты сұрақтарға жауап берілді.


29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

