БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

БАЙЗАҚ: АУДАНДЫҚ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ПӘТУА САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы мешіт жамағатына пәтуа сағатын өткізіп, мешітке қадам басқан жамағаттың Рамазан айы оразасы мен осы айға қатысты қойған әр сұрағына толыққанды әрі тұщымды жауаптар берді.

Сауалдардың басым көпшілігі сырқат адамға ораза ұстауға бола ма? Ораза ұстамаған адамға тарауық намазын оқуға бола ма? Ораза кезінде моншаға түсуге бола ма? Пітір садақа кімдерге беріледі? Ғұсыл мен дәреттің айырмашылығы қандай? деген сұрақтар.

Пәтуа сағатын өткізудегі мақсат халықтың діни сауатын ашып, күрделі сұрақтардың жауабын беру арқылы ілімге деген құштарлықтарын ояту болып табылады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: