Қордай: Рамазан айында жамағатқа құрмет көрсетілді

Қордай: Рамазан айында жамағатқа құрмет көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қиямет күні болғанда Алла тағаланың алдына рамазан айы бір әдемі көркем бейнеде келер. Сол кезде Алла тағала: «Я, рамазан айы. Сенің не тілегің бар?»- деп сұрар. Рамазан айы айтар: «Я, раббым, сенің бұл құлың денінің сау кезінде сенің разылығың үшін мені қастерлеп ораза тұтып, сол арқылы саған құлшылық етті.

Енді сол құлыңды тозақ отынан сақта, бастарына нұрдан тәж киюіне, қабірден тоқ болып тұруына нәсіп ет. Оларды жаннатқа кіргізе көр»- деп тілек тілейді. Сол кезде Алла тағала айтар: «Сені қадірлеп ораза тұтқан құлдарымды менің алдыма келтір. Мен сенің тілегіңді қабыл еттім. Жаннатқа өзің баста» –дер. Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде, ауызашарда жамағатқа балмұздақ үлестірілді. Осы игі бастамаға ат салысқан жандардың дұға тілектері, амалдары қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: