Қордай: «Рамазан – рухани тазару айы» сұрақ-жауап кеші өтті

Қордай: «Рамазан – рухани тазару айы» сұрақ-жауап кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан – мұсылман баласының рухани кемелденуіне, жүрек тазалығына ерекше мән беретін ай. Жүрегін тазалау арқылы рухани жаңарған адам айналасына мейірім мен жақсылық шуағын шашады. Иман ілімінде мұндай тұлғаны «тура жол мәдениетін ұстанушы» деп атайды. Ал тура жол мәдениеті – ең алдымен жүрек тазалығынан бастау алады.

Қазіргі таңда кейбір адамдар өзгеге насихат айтып, жақсылыққа шақырғанымен, өз жүрек тәрбиесіне көңіл бөлмей жатады. Жүрек тазалығы кемеліне келмейінше, сөздің әсері де, берекесі де аз болары анық. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай мешіті» мешітінде «Рамазан – рухани жаңғыру айы» тақырыбында сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды.

Кеш барысында жамағат көкейіндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұл игі шара жамағаттың діни білімін арттыруға, рухани ынтасын күшейтуге себеп болды. Аталған бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Баршамызға пайдалы білім, қабыл болатын дұға нәсіп болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: