Қордай: Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

Қордай: Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланы құлшылықпен еске алу – Оның рақымын дүниеде де, ақыретте де жақын ететін ұлы амал. Сондай-ақ, Раббымыздың әрбір нығметіне шүкірлік ету – мұсылманның міндеті. Шүкірсіздік істің берекесін кетіреді. Яғни, алғысы жоқ, жақсылықтың қадірін білмейтін кісінің ісінде береке болмайды.

Адамдар арқылы бізге келген әрбір жақсылық – Алланың әмірімен келеді. Сондықтан жақсылық жасаған жанға алғыс айту арқылы біз сол нығметті нәсіп еткен Раббымызға да шүкірлік білдірген боламыз. Осы орайда Қордай ауданы бойынша бас имам Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне арналған тағылымды кездесу өтті.

Шара барысында аудан имамдары және имамдар арасындағы өзге ұлт өкілдері барша жұртшылыққа ризашылықтарын білдіріп, бірлік пен татулықтың маңызын атап өтті. Іс-шарада ел ішіндегі ынтымақ пен өзара құрметтің қоғам тұрақтылығы үшін аса маңызды екені айтылып, жамағатқа ізгі тілектер жолданды. Шүкіріміз бен алғысымыз мол болсын. Алла қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: