Қордай: Таһаджуд намазын оқуға жағдай жасалды

Қордай: Таһаджуд намазын оқуға жағдай жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Парыз намаздардан соң ең абзал намаз – түнгі намаз», – деген. Түннің бір уақытында тәтті ұйқысынан тұрып, Алла Тағаланың разылығын іздеп құлшылық ету – мұсылман үшін үлкен сауап.

Мұндай сәтте пенде Раббысының құзырында тұрып, Оның рақымына бөленеді, түрлі жақсылықтарға жетіп, дұғасының қабыл болуына үміт артады. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде таң намазына дейін таһаджуд намазын оқығысы келетін жамағат үшін мешіттің ертерек ашылуы қадағаланды.

Бұл игі бастама жамағаттың құлшылық жасауына қолайлы жағдай туғызу мақсатында жүзеге асырылды. Қасиетті айда баршамыздың жасаған құлшылықтарымыз бен дұғаларымыз қабыл болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: