Қасиетті Құран Кәрімнің Әли Имран сүресінің 92-аятында: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да Алла оны сөзсіз біліп тұрады», – деп баяндалған.
Бұл аят мұсылман баласын жомарттыққа, ықыласпен садақа беруге және қоғам игілігі үшін қызмет етуге үндейді. Осы орайда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай мешіті» мешітінде уақып мәдениетінің маңызы туралы насихат айтылды.
Имам Зәйнуддин Жұмабайұлы Алла жолында жұмсалған мал-дүние мен садақаның екі дүниеде де өз жемісін беретінін атап өтті. Сондай-ақ уақып – тек қайырымдылық емес, қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына үлес қосатын сауапты іс екені кеңінен түсіндірілді. Жамағатқа уақыптың мәні, оның сауаптық дәрежесі және берекесі туралы тағылымды ойлар жеткізілді. Баршамызға Алла Тағала көңіл жомарттығын, ниет тазалығын нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

