Қордай: Рамазанға Алла үйі әсемделді

Қордай: Рамазанға Алла үйі әсемделді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман баласы үшін Құран түсірілген, күнәлардың кешірілуіне себепші болатын, жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын, шайтандар кісенделетін қасиетті Рамазан айының орны ерекше.

Жылына бір мәрте ғана келетін бұл ұлық айды ерекше дайындықпен, зор ықыласпен қарсы алу – әрбір мүміннің міндеті. Рамазан – бізге берілетін рухани мүмкіндік. Оны құрметпен қарсы алған жан қиямет күні де құрметке бөленеді деген үміт бар. Осыған орай, Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Қордай ауылдық» мешіті имамы Шалбаев Жалилдің ұйымдастыруымен мешіттің сыртқы, ішкі  келбеті қасиетті айға орай безендіріліп, әсемделді.

Бұл игі іс жамағаттың жүрегіне Рамазанның шуағын сезіндіріп, құлшылыққа деген құлшынысты арттыра түспек. Қасиетті айға көрсетілген құрмет – Алла Тағаланың алдында қабыл болған амалдардан болғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: