Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен орыс тілді жамағатқа арналған «Рамазан – береке мен сауап айы» атты тағылымды семинар және танымдық сайыс жоғары деңгейде өтті.
Рухани кештің басты мақсаты – қасиетті Рамазан айының мән-мағынасын терең түсіндіру, оның берекесі мен сауабын жүректерге ұялату, оразаның рухани тәрбиелік маңызын насихаттау болды. Семинар барысында қатысушыларға Рамазан айының ерекшеліктері, сабыр мен шүкіршіліктің қадірі, ізгі амалдардың сауабы жайында кеңінен айтылып, пайдалы мәліметтер ұсынылды.
Сайыс бөлімі ерекше әсерге толы өтті. Қатысушы шәкірттер білімдерін сынап қана қоймай, өзара ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті. Белсенді қатсушыларға арнайы сыйлықтар үйлестірілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

