Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторы қасиетті Рамазан айының алғашқы Құран хатым дұғасын жасап, рухани мазмұны терең тағылымды бас қосу өткізді.
Берекелі айда бастау алған Құран хатым – жамағаттың ынтымағы мен ықыласының айқын көрінісі болды. Хатым соңында еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, әрбір шаңырақтың берекесі үшін дұға жасалды.
Бұл игі іс – жүректерді нұрландырып, имандылыққа үндейтін рухани қадам. Қасиетті Рамазан айы баршамызға мейірім мен береке, мол сауап пен кешірім әкелсін.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

