«Жәми» мешітінде демеушілердің ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айына орай тағылымды қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастама аясында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға қыстық киімдер тарту етіліп, перзенттердің иығына жылу, жүздеріне шаттық сыйланды.
Бұл – тек материалдық көмек қана емес, жүректен шыққан жанашырлықтың көрінісі болды. Балалардың қуанышы мен ата-аналардың ақ алғысы шараның мәнін арттыра түсті. Кеш барысында ата-аналардың төзімі мен еңбегінің зор екендігі ерекше атап өтіліп, оларға құрмет пен ризашылық білдірілді.
Жалпы қайырымдылық шарасына жұмсалған қаражат көлемі 400 000 теңгені құрады. Аудан имамы демеушілерге шынайы алғысын жеткізіп, олардың сауапты ісі Алла Тағаланың разылығына бөленуіне себеп болуын тіледі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

