#Шу: Жәми мешітінде «Рамазан сыйы» науқаны жүрді

#Шу: Жәми мешітінде «Рамазан сыйы» науқаны жүрді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаевтың ұйытқы болуымен «Жәми» мешітінде қасиетті айға орай «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық науқаны ұйымдастырылып, игі іс жүзеге асты.

Берекелі айда қолға алынған сауапты шара аясында әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы 32 отбасыға азық-түлік қоржындары таратылды. Бұл – Рамазанның мейірім мен жанашырлыққа үндейтін рухына сай жасалған нақты қолдау болды.

Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін, жүректерді жақындататын асыл құндылық. «Рамазан сыйы» науқаны да мұқтаж жандарға демеу болып, жамағат арасындағы бауырмалдық пен жанашырлықты арттырды.

Қасиетті айдағы әрбір игі іс сауапқа жазылып, берекесі еселене берсін.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: